Ауыл мен қала мектептерінің білім беру ісіндегі алшақтықты жоюда қандай жұмыстар атқарылуда?

Жарбол Кентұлы 03 қыр. 2024 09:28 2526

Қазір еліміздегі өмір сүру деңгейі ауыл мен қалада бір деңгейде емес. Сол секілді білім беру деңгейіне қатысты да солай деп айтуға болады. Десекте жыл өткен сайын ауыл мен қала мектептерінің білім беру ісіндегі алшақтықтар жойылып келеді. Бұл бағытта Оқу ағарту министрлігі жүйелі түрде жұмыс жасауда. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігі тілшілері еліміздегі ауыл мен қала мектептерінің білім беру ісіндегі алшақтықты жою бағытында қандай жұмыстар жүріп жатқанына назар аударып көрді.

Білім беру саласын зерттеп жүрген мамандардың сөзінше, кең байтақ жеріміздегі қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықтың пайда болуынының бірнеше себебі мен факторлары бар екенін алға тартады. Енді осы себеп пен факторларға талдау жасап көрсек.

Қызылодар қаласындағы «Болашақ» университетінің зерттеушісі Азамат Жалғасбаев ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты негізінен білім беру инфрақұрылымының дамымауына, білікті мұғалімдер тапшылығы мен түрлі ресурстарға қолжетімділіктен байқауға болатынын алға тартады.

– Қала мектептері әдетте заманауи құрал-жабдықтармен бірінші кезекте жабдықталады. Бүгінде қаладағы білім ордалары сандық технологиялар кеңінен қолданса, ауыл мектептерінде мұндай ресурстарға толықтай қол жеткізе алмауда. Мысалы, қала мектептері лабораториялық жабдықтарды, сапалы интернет пен интерактивті тақталарды емін-еркін пайдалана алады. Бұл өз кезегінде балаларға білім беру сапасына оң әсер ететіні сөзсіз. Ал ауыл мектептерінде білікті мұғалімдерді тартудың өзінде біраз қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені, ұстаздардың өізін өзі кәсіби тұрғыдан дамытуға, жоғары жалақыға алуына қатысты игіліктердің бәрі қалада жүріп қол жеткізетінін жақсы түсінеді.

Осы ретте білім ошақтарында білікті педагогтардың жетіспеушілігі білім сапасына тікелей әсер ететінін де естен шығармауымыз керек. Қала мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған ресурстар мен мүмкіндіктер көп болғандықтан, оқушылардың білім сапасы да жоғары болатыны сөзсіз, – деді Азамат Оразбекұлы.

Ауылдық жерлерде тұратын отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы да оқушылардың оқу үлгерімен тікелей әсер ететіні білегілі. Себебі, ауылдағы балалардың білімін ұштайтын қосымша сабақтар ұйымдастырылымайды. Ал қалалы жерде тұратын оқушылар үшін бұл проблема емес. Олар мектептен алған білімін қосымша сабақтарға қатысып, жеке қалаған репетиторларының алдына барып білімін ұштайтын мүмкіндіке ие. Ал ауыл оқушылары үшін мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Сол себепті олар өздеріне қажетті білімді мектеп қабырғасынан алуға күш салады.

Соңғы жылдары елімізде цифрлы технологиялардың дамуы бұл мәселені белгілі деңгейде шешуге мүмкіндік бергені анық. Қазіргі таңда ауыл балалары интернеттің көмегімен түрлі оқу курстарына сатып алып, өздерінің білімін жетілдіріп жатыр. Әсіресе, ауыл мектептерінде жоғары сыныптың оқушылары Жоғары оқуға түсуге сынақ тапсырар кезде білімін жетілдіретін курстарды сатып алып, онлайн режимде дайындалып, көздеген мақсатына жетуге күш салады..

Біздіңше, цифрлық технологиялардың көмегіне жүгініп ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру ісіндегі алшақтықты түбірімен жоюдың маңызы зор. Бұл үшін ауылды жерлерде оқушылары сапалы интернет пен сандық технологияларға қолжетімділікті арттыру керек. Бұл өз кезегінде ауыл мектептеріндегі білім сапасын жақсартуға айтарлықтай септеседі. Бүгінде мұны Оқу ағарту министрлігі де жете түсініп отыр. Олар бұл бағытта тиісті ведмоствалармен тізе қосып, ауыл мектептерін интернетпен қамту деңгейін 100%-ға дейін жеткізу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі таңда ауылды жерлердегі оқушылардың білімін жетілдіру үшін қосымшалар ашып, репититорлар ұстайтындай мүмкіндік көріп отырған жоқпыз. Егер осы бағыттағы жұмыстарды онлайн форматта ауыстырсақ, бұл олқылықты жоюға болады.

Бұдан басқа Үкімет ауыл мектептеріндегі инфрақұрылымды дамыту бойынша маңызды іс-шараларды да қолға алып, жүзеге асырып жатыр. Бұл ретте ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Мәселен, Оқу ағарту министрлігі  «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа мектептер салу және ескі мектептерді модернизациялау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл ретте билік орындарының 2025 жылға дейін ауылдық жерлерде 5000 мектепті жаңарту және қосымша 1000 жаңа мектеп салу ісіне тас түйін кірісіп кеткенін айтсақ жетіп жатыр.

Сонымен қатар ауылдағы ұстаздардың кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік жасап отыр. Тағыда айта түссек,   еліміз бойынша мұғалімдер мәртебесін көтеру, олардың жалақысын көбейту және жас мамандарға ауылда жұмыс істеуге арналған ынталандырулар да ауыл мен қала арасындағы білім беру ісіндегі алшақтықтарды жоюға өзінің әсерін тигізетіні анық.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар