Алматы облысында интернетсіз 3-4 ауыл ғана қалған

Көркем Алдабергенова 14 қаз. 2024 10:19 2454

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыста неліктен ұялы байланысты сапасы нашар екенін түсіндірді. Бұл туралы облыс әкімі Dala подкаст жобасының "Өңірлер экономикасы" айдарында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, ұялы байланыс операторларымен диалог орнатылған. 

"Соңғы қосқанымыз Freedom telecom. Көлсайда толығымен антенналары қойылып, жұмыс басталды. Сонымен қатар Қапшағайдың жағалауында да бар. Әрі қарай да жұмыс істей береміз. Толық интернет жүргізілмеген 3-4 ауыл ғана қалды. 

Егер сол жақтан пайда көргісі келетін операторлар болса солармен немесе Ұлттық операторлармен жұмысты жалғастырамыз. Жалпы Алматының төңірегінде де байланыс нашарлап кетеді. Сондықтан жүйелі түрде жұмыс жүргізілген соң проблема шешіледі деп ойлаймыз", - дейді облыс әкімі.   

Еске салайық, бұған дейін сұхбатта Марат Сұлтанғазиев Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірген болатын. 

Марат Сұлтанғазиев Бағдат Қарасаев аудан әкімі болғандықтан оның тікелей басшысы екенін атап өтті. 

"Бұл жайлы ақпарат алардан бұрын талқылаған болатынбыз. Кейін құқық қорғау органдарына тексеріс жүргізсін деп жібердік. Одан кейін Президен әкімшілігіне жұмыстан босату бойынша хат жібердік. Екіншіден, Қарасаевтың қай уақытта қызметтік өкілін асыра пайдаланғаны маңызды. Егер қоқыс полигоны туралы айтар болсақ, ол 2019 жылы кәсіпкерлерге қолданысқа берілген.

Бағдат Қарасаев жұмыстан босатылды, себебі оның қызмет ету мерзімі бітті. Айып тағылғанға дейін екі жылдық жұмыс мерзімі аяқталған. Ротацияға сәйкес, ол саяси қызметкер болғандықтан жұмыс істеу мезгілі бар. Мерзімі аяқталған соң кетті", дейді Сұлтанғазиев. 

Марат Сұлтанғазиев Бағдат Қарасаевтың қызметтік мерзімі оған айып тағылып, ұсталғанға дейін аяқталғанын атап өтті. Облыс әкімі бұл оқиғадан кейін өзінің отставкаға кетуі не кетпеуі туралы пікір білдірді. 

"Жалпы айып тағылғаннан кейін ол қызметкер болмады. Әрине, заңға бағынамыз. Егер бізді де жұмыстан босатамыз десе, саяси қызметкер болғандықтан ешқандай мезгілге де қарамайды", дейді Марат Сұлтанғазиев. 

Ол Іле ауданына жаңа әкім ретінде бірнеше кандидат ұсынылғанын айтады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар