"Ақшасы төленген, бірақ көлік жоқ". Атыраудағы автосалондардың бірі бір топ адамды алдап соққан

Кәмшат Тілеухан 21 там. 2025 11:16

Атыраудағы "Абырой Авто" автосалоны 120-дан астам клиентті алдап соқты. Салон қызметкерлері автокөлікті тиімді сату мен 10 күн ішінде ақшаны қайтаруға уәде берген, бірақ машиналар жоғалып, ал төлемдер әлі де берілмеген. Зардап шеккендердің айтуынша, автосалон көлікті өз атына рәсімдеп, оны басқа аймақтарға — Ақтөбе, Шымкент және батыс өңірлерге қайта сатып жіберген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Олар 10 күнде барлық соманы қайтарамыз" деп сендірді. Бірақ бірнеше ай өтті, машина басқа қалаға кеткен, ал маған "күт" деумен келеді", деп Atyrau Today клинеттердің бірінің сөзін келтіреді

Шамамен зиян көлемі жүздеген миллион теңгеге жетуі мүмкін. Көптеген адам отбасылары үшін маңызды сатып алу болған жалғыз көлігінен осылайша айырылып, полицияға бірлесіп арыздануға мәжбүр болды. Олар әділ тергеуді талап етуде.

"Қазіргі уақытта автосалон ғимаратына құлып салынып, жұмысына тыйым салынды. Иелері ұсталды. "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция зиян көлемін анықтап, басқа адамдардың қатыстылығын тексеруде", делінген өңірлік ПД түсініктемесінде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тарап жатқан жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының жаңартылғаны туралы ақпарат фейк екенін ескерткенбіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар