"АвтоЖол+": жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы туралы ақпарат - фейк

Кәмшат Тілеухан 21 там. 2025 11:02

Интернет желісінде "АвтоЖол+" атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы іске қосылғаны туралы ақпарат тарауда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оның шындыққа еш сәйкес келмейтінін ескертеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің мәліметінше, аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

"Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады", делінген хабарламада. 
 
Бұған дейін утиль алымнан түскен 8,5 млрд теңге қоршаған ортаны қорғау саласына бағытталғанын жазғанбыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар