Freedom Inside '26

“Теңізшеврой” өндірісті толық қалпына келтірді

“Теңізшеврой” өндірісті толық қалпына келтірді
Фото: Теңізшевройл

"Теңізшевройл" компаниясы мамыр айының соңында болған техникалық ақаудан кейін өндірістік қызметін толық қалпына келтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның хабарлауынша, ақау кезеңінде де мұнайды экспорттау жұмыстары тоқтатылған жоқ. Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы тасымал қалыпты режимде жалғасқан.

Сондай-ақ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемі жоспарланған деңгейге қайта жетті.

Еске салайық, 28 мамыр күні өндірістік нысандардың бірінде техникалық ақау тіркеліп, соның салдарынан мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеген болатын.