Алдымен тапсырыс беруші Doctor Web, Касперский сынды ресейлік компаниялармен астыртын сөз байласып алады. Сосын тендердегі техникалық спецификация Doctor Web, не Касперский өнімдерін айна қатесіз сипаттайды да, «антивирус өндірушісінің рұқсат хаты болсын» деген шарт қояды.
Болды, енді тендерге Doctor Web, Касперскийлер қай компанияға рұқсат қағаз берді, сол ойыншы ғана қатысады.
Ал антивирус өндірушілері өз кезегінде тек ресейлік компанияларға ғана рұқсат хатын беріп отыр.
Рұқсат хат демекші, осы тұсты ежіктей кетейік: компаниялардың мұндай ірі ұтыстарына (лоттарына) отандық кәсіпкерлерді маңайлатпады. Ілгеріде айтылған антивирустың кепілхаты тек ресейлік компанияларға беріледі. Осының кесірінен еліміздегі ноутбук, планшет, моноблок құрастыратын қазақ кәсіпкерлері "техспеці" сай емес деген желеумен тендерден шеттетіліп отыр.
Тендердің лоттарын зерттеген DALA INSIDE мына көрініске куә болған:
- № 7617770-1 – сомасы 168 239 283 теңге, жеңімпаз «Альянстелеком» ЖШС, 2 орын «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС;
- № 8000947-1 – сомасы 145 982 142 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «Logicom» акционерлік қоғамы;
- № 7326908-1 – сомасы 75 015 556, жеңімпаз «Adancom» ЖШС, 2 орын «Artson Build Invest» ЖШС;
- № 6417312-1 - сомасы 83 143 124 теңге, жеңімпаз «Артсон Билд Инвест» ЖШС, 2 орын «Аданком» ЖШС;
- № 6428319-1 - сомасы 54 720 000 теңге, жеңімпаз «Аданком» ЖШС, 2 орын «F3.kz» ЖШС;
- № 6428512-1 - сомасы 51 000 000 теңге, жеңімпаз «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, 2 орын «PC4U» ЖШС.
Сонда, тендерден анықталған азғантай факттің өзінде 578 миллион теңге Ресейге кетіп отырған.
Жоғарыда аталған тендерлерде 2 ортақ фактор байқалады:
1. Конкурсқа тек 2 компания қатысады;
2. Техникалық сипаттама Ресейдің Dr.WEB немесе Kaspersky Lab антивирустық бағдарламаларына лайықталып жазылған.
Осылайша, Қазақстандағы барлық тендердегі миллиард теңгелер Ресейге ашық жолмен кетіп жатыр.
"Антивирусты АҚШ-тың, Израильдың да керемет жасайтынын ескерсек, неге Ресейге ғана жығып беріп отырмыз деген сұрақты антимонополды орган баяғыда қоюы керек еді. Бірақ, олардың компьютерлеріне де ресейлік антивирус орнатылғандықтан, өздері ештеңе айта алмай отыр...", - дейді Dalainside.
Айтқандай, Шенген қақпасы айқара ашылар күн жақын. Астана мен Брүссел келіссөз жүргізуде. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1521
https://dalanews.kz/aimak/93944-zhetisudagy-zhetysu-invest-ortalygy-ongirge-inve