– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөлуде. Көптеген маңызды шешімдер қабылданды, атап айтқанда педагог мәртебесі туралы заң күшіне енді, педагогтер жалақысы үш жылда екі есеге артты, қағазбастылық екі есеге дейін азайды. Білім беру жүйесінде бірлескен жедел шешімді талап ететін әлде де бірқатар маңызды мәселелер алдымызда тұр, – деді Алтай Көлгінов Конгресс орталықта «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында.
Спикердің айтуынша, қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі – мектепке дейінгі және орта білім берудегі орын тапшылығы.
– Оған қоса өңірлік бөліністе білім беру сапасының алшақтығы байқалады, яғни әртүрлі өңірде білім беру сапасы әртүрлі болып отыр. Сондай-ақ өңірлерде педагогтардың және басқару кадрларында тапшылығы байқалады. Шалғайда орналасқан 3000 мектеп жылдам интернетке қол жеткізе алмауда.
ЖОО студенттерінің жатақханаға қажеттілікті сезіледі, қазіргі уақытта жатақханаларда 70 мың орын тапшылығы бар. Халықаралық зерттеу нәтижесі бойынша қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығы 38 балды құрайды.
Үкімет пен барлық орталық және жергілікті органдардың алдында халықаралық стандарттарға барынша жету міндеті тұр, бұл үшін көп жұмыс істеу керек.Үкімет білім берудің барлық деңгейлерінде инфрақұрылымды дамыту, оқу сапасын арттыру, тәрбие жұмысын күшейту, педагог мамандығының тартымдылығын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, – деді Алтай Көлгінов.
Аталған мәселелерді жүйелі шешу үшін биыл екі маңызды тұжырымдама қабылданған: біріншісі – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік оқытуды дамыту тұжырымдамасы; екіншісі – жоғары білім мен ғылымның дамуы.
Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобалар, жайлы мектептер әзірленген.
– Орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2026 жылға дейін 1,5 млн оқушы орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігі «Жайлы мектеп ұлттық жобасы бойынша салынады. Басқа бөлігі инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы төленеді. Наурыз айында бүкіл ел бойынша 72 мектептің құрылысына қолдау көрсеттік.
Сондай-ақ қолжетімді интернет жобасы іске асып жатыр. Үздік педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама енгізілді, білім беруде мың көшбасшы даярлау бағдарламасы қалыптасуда. 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Робототехника, химия, биология, физика, СТЭМ бойынша 7 мың заманауи мектеп кабинеті ашылады.
Бұл, әрине, білім сапасын жақсартады. Жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі 2025 жылға дейін жыл сайын 10 мың орынды енгізу жолымен шешіліп жатыр, – деп түсіндірді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, елордада «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясы басталды. Бұл шараны «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған.
Жиын қордың іске асырып жатқан қайырымдылық бағдарламаларын таныстыру және талқылау, тиімді бастамаларды айқындау, Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі дамытуды қарастыру диалог алаңына айналмақ.