"Алматыда 1 литрі - 102 теңге". Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы да өседі

Кәмшат Тілеухан 30 қаң. 2025 15:29 358

Энергетика министрі 2025 жылғы 29 қаңтарда ҚР аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекітетін бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, автогаздың 1 литрі бағасының өсімі өңірлерге байланысты 6 теңгеден бастап 20 теңгені құрайды, деп жазады Dalanews.kz.

Автомобиль отыны үшін пайдаланылатын газдың 1 литрінің құны өңірлер бойынша былай бекітілді:

  • Астана - 102 теңге (қазір 82 теңге, демек +20 тг)
  • Алматы - 102 теңге (қазір 89 теңге, демек +13тг)
  • Ақтөбе, Атырау облысы - 77 теңге (қазір 59 теңге, демек +18)
  • Ақмола, Алматы облысы - 102 теңге (қазір тиісінше 84 теңге, демек, +18 және 89 теңге, демек +13)
  • Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстары және Абай облысы - 102 теңге (қазір 84 теңге, демек +18)
  • Жамбыл облысы - 90 теңге (қазір 78 теңге, демек+ 12)
  • Батыс Қазақстан облысы - 77 теңге (қазір 70 теңге, демек,+7)
  • Қызылорда облысы – 90 теңге (қазір 70 теңге, демек + 20)
  • Маңғыстау облысы - 65 теңге (қазір 59 теңге, демек +6)
  • Павлодар облысы - 102 теңге (қазір 81 теңге, демек + 21)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 102 теңге (қазір 89 теңге, демек +13)
  • Шымкент қаласы мен Түркістан облысы - 90 теңге (қазір 70 теңге, демек +20).

Бұйрық 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін мемлекеттік реттеу алынып, жанар-жағармай мен дизель отынының бағалары еркіне жіберілгені хабарланған. Соған сәйкес, 1 ақпаннан бастап осы мұнай өнім түрлерінің бағасы жайлап қымбаттатыла бастайды. Бастапқыда шамамен 1 литр бензин бағасы 4-5 теңгеге қымбаттайды деген сөз бар. Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап электр энергиясы тарифтерінің бағасы да өседі. Бұл арада соңғы тұтынушы үшін өсім құны 2 теңгені құрайтыны айтылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар