Мемлекеттік реттеу алынып, жанар-жағармай мен дизель отынының бағалары еркіне жіберілді

Кәмшат Тілеухан 29 қаң. 2025 14:20 1143

Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанда мұнай өнімдерінің бағасын белгілеуде осыған дейін сүйеніп келген министрліктің кейбір бұйрықтарының күші жойды, деп жазады Dalanews.kz.

Атап айтқанда, мына бұйрықтардың күші жойылады:

  • ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы "Бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығы;
  • ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығы және оларға түзетулер енгізетін бірқатар бұйрықтар.

Бағалардан мемлекеттік реттеуді алатын аталған бұйрық 2025 жылғы 30 қаңтардан бастапғ яғни ертең қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отындарын көліктермен сыртқа тасуға 29 наурызға дейін тыйым салғаны хабарланған. Сондай-ақ кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін елімізде жанар-жағармай бағасы ақпаннан бастап жайлап қымбаттатыла бастайтатыны мәлім болды. Осы тақырыпқа орай сайтымызда "Бензин мен дизель отыны қымбаттағалы жатыр. Сарапшылар мұны неге жақсылыққа балайды" деген мақала да жарияланған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар