Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отындарын сыртқа тасуға тыйым салды

Кәмшат Тілеухан 29 қаң. 2025 09:59 554

Қазақстан 29 наурызға дейін автомобиль және темір жол көлігімен бензин мен дизель отынын тасуға тыйым салды. Осы сипатта Энергетика министрлігі, ҰҚК, Қаржы министрлігі және ІІМ-нің бірлескен бұйрығы әзірленді, деп жазады Dalanews.kz.

Жанар-жағармайды Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де тасуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша 2024 жылдың 29 қыркүйегі мен 2025 жылдың 29 наурызы аралығында гуманитарлық көмек шеңберінде  ҚР үкіметінің шешімімен бөлінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, майлауға арналған майларды, зауыттан жасалып шыққан автомобиль көлік құралдары толы бактарындағы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған  авиациялық отындарды есепке алмағанда жанар-жағармай, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен сыртқа тасуға тыйым салынады

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағы бойынша бекітілетін жеткізілім жоспарларына сәйкес бензинді, сондай-ақ зілзалалардың, табиғи апаттардың салдарын жою мақсатында гуманитарлық көмек және (немесе) көрсетілетін көмек көрсету шеңберінде босатылатын мұнай өнімдерін қоспағанда, 2025 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңде ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерін темір жол көлігімен тасуға тыйым салынады.

Бұған дейін жанар-жағармай бағасы ақпаннан бастап жайлап қымбаттатыла бастайтатыны хабарланған. Сондай-ақ сайтымызда "Бензин мен дизель отыны қымбаттағалы жатыр. Сарапшылар мұны неге жақсылыққа балайды" деген мақала жарияланған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар