Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда еліміздегі электр энергиясының жаңа шекті тарифтерін бекіткен бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, елімізде 2025 жылдың 1 ақпанында электр энергиясының бағасы өседі, деп жазады Dalanews.kz.
Құжатта электр энергиясын өндіруші компаниялардың келесі топтары бойынша тарифтерді көтеру көзделеді:
- Бірінші топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – 1 кВтсағ үшін 8,27 теңгеден 9,5 теңгеге дейін.
- Екінші топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы) – 1 кВтсағ үшін 7,98 теңгеден 9,4 теңгеге дейін.
- Үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – 1 кВтсағ үшін 13,17 теңгеден 15,67 теңгеге дейін.
- Төртінші топ (Топар бас электр энергиясын таратушы энергостанциясы) – 1 кВтсағ үшін 15,32 теңгеден 20,84 теңгеге дейін.
- Бесінші топ (Т.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і) - 1 кВтсағ үшін 17,73 теңгеден 22,58 теңгеге дейін.
- Алтыншы топ (Қарағанды энергия орталығы) – 1 кВтсағ үшін 14,09 теңгеден 17,64 теңгеге дейін.
- Жетінші топ (Өскемен ЖЭО)- 1 кВтсағ үшін 14,27 теңгеден 17,82 теңгеге дейін.
- Сегізінші топ (Севказэнерго) – 1 кВтсағ үшін 18,61 теңгеден 23,17 теңгеге дейін.
- Тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 1 кВтсағ үшін 9,28 теңгеден 11,71 теңгеге дейін.
- 10-топ ("Павлодарэнерго" (ЖЭО-2,3) – 1 кВтсағ үшін 18,25 теңгеден 24,29 теңгеге дейін.
- 12–топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) - 1 кВтсағ үшін 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
- 13-топ ("Қазақмыс Энерджи" (ЖЖЭО, БЖЭО) – 1 кВтсағ үшін 21,42 теңгеден 30,24 теңгеге дейін.
- 16–топ ("Bassel Group LLS") - 1 кВтсағ үшін 16,73 теңгеден 25,48 теңгеге дейін.
- 18–топ ("Степногор ЖЭО") - 1 кВтсағ үшін 28,97 теңгеден 38,67 теңгеге дейін.
- 22–топ ("Кентау Сервис" МКК) - 1 кВтсағ үшін 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
- 23–топ ("Арқалық ЖЭО" МКК") - 1 кВтсағ үшін 8,44 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.
- 26-топ ("Алматы электр станциялары" ЖЭО – 1,2,3 Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) - 1 кВтсағ үшін 17,82 теңгеден 20,93 теңгеге дейін.
Ал 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60 компаниялар тобының тарифтері өзгеріссіз қалды.
Сондай–ақ, 61 және 62-топ тарифтері қосылды, тиісінше 1 кВтсағ үшін 18,74 және 28,72 теңге.
Бұйрық 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Энергетика министрінің айтуынша, соңғы тұтынушы үшін баға өсімі шамамен 2 теңгені құрап қалуы керек.
Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап жанар-жағармай мен дизель отынының бағалары жайлап қымбаттай бастайтынын айтқан еді.