Әділетхан Молдахан екі айға қамалды

Сағыныш Сардарова 08 сәу. 2026 17:00

Заңгер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі ұзарғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты Алматы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Әділетхан Молдахан інімнің қамалуы 2 айға не үшін созылды? Әділетті Қазақстанда әділдік қайда? Бостандықты талап етемін", - деп жазды бұған дейін заңгер Дәулетхан Ахметов.

Полицияның мәліметінше, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Соталды тергеу аясында екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін ол 10 тәулікке қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынғаны хабарланды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері мәлімдеді. Олар заңгердің қамалуын әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты айтқан пікірімен байланыстырды. Кейінірек полиция заңгер ұсталғанын растады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove