Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер, заңгер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Әділетхан Молдахан інімнің қамалуы 2 айға не үшін созылды? Әділетті Қазақстанда әділдік қайда? Бостандықты талап етемін", - деп жазды заңгер Дәулетхан Ахметов бұл туралы.
Айта кетейік, бұған дейін ол 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеген еді. Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынғаны хабарланды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері мәлімдеді. Олар заңгердің қамалуын әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты айтқан пікірімен байланыстырды.
Кейінірек полиция заңгер ұсталғанын растады.
