Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы заңгердің көмекшілері хабарлады. Олар заңгердің қамалуын әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты айтқан пікірімен байланыстырып отыр.
Заңгер Молдахан Әділетхан Алматыда жарысқан бес көліктің ішінде полиция департаменті басшылығының орынбасарының қызметтік көлігі жүргенін айтқан еді.
Алматының полиция департаменті заңгердің ұсталғанын растады.
"Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда", - ПД ресми өкілі.
