Күршім ауданындағы ауылдарда фтейк-келісімшарт аясында медициналық пункттер салынады

Dalanews 25 сәу. 2023 04:06 267

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында, Күршім ауданының әкімі Алмат Акышов 2023 жылы ауданда 1122 жаңа жұмыс орнын құру  оның ішінде 592 тұрақты, 530 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланғанын жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу үшін 570 адам жүгінді, оның 390-ы белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды, 66 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілді. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 49 адамға қысқа мерзімді курс бойынша оқуға 13,5 млн теңге бөлінді, курстар мамыр айында басталады. Ал жыл басынан бері 429 орын құрылды, – деді Алмат Ақышов.

Күршім ауданының әлеуметтік саласы туралы айта келе, әкім медицинаның дамуына тоқталды.

Мәселен, 2023 жылдың қаңтар айында аудандық аурухананың қабылдау, перзентхана, операциялық бөлімшелері күрделі жөндеуден кейін қайта ашылып, толық қуатта жұмыс істей бастаған.

– Хирургиялық бөлімде эндоскопиялық операциялар да жасалады. 2022 жылдың қазан айында 1 дәрігер-анестезиолог Латвияда оқып келді. Алынған тәжірибе операциялық бөлімде колоноскопия жүргізу кезінде қолданылуда, – деп толықтырды спикер.


Сонымен қатар, 2023 жылы Ақжайлау, Ұрынхай, Жолнұсқау, Аманат, Маралды ауылдарында 686,9 млн теңгеге, сондай-ақ Тақыр және Жаңаауыл ауылдарында – 32 млн теңгеге офтейк-келісімшарт шеңберінде медициналық пункттер салынбақ.

Ал ағымдағы жылы Қарашілік, Қайнарлы, Құйған, Сарыөлең, Барақ батыр, Игілік, Жолнұсқау елді мекендерінде 254,8 млн теңгеге 14 бір пәтерлі үй сатып алу жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x