Back
| DalaNews

«Крещение» күні суға түскендер артын жинамай кеткен

Күні кеше ғана Рождества мерекесінен кейін еліміздегі біраз жұрт қалыптасқан дәстүр бойынша сақылдаған сары аязда суға түскен болатын.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жұрттың қауіпсіз жағдайда суға түсуі үшін Есіл өзенінің бойынан арнайы орындар дайындаған-ды.

Бірақ суық суға түскеннен кейін жұрт іш киімдері мен ішімдіктің шөлмектерін шашып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қосымша жұмыс тауып бергенін Sputnik Казахстан сайты жазды.

Суға түсушілер су болған орамал, іш кимі мен түрлі киімдерін тастап кетіпті. Ыбрсыған заттардың арасынан ішімдік шөлмектерін де кездестіруге болады.

| DalaNews

Тағы оқыңыз:

Колледж ұстаздары мен студенттері бірлесіп шағын трактор құрастырды