KASE: Биржада доллар арзандады

Ақтоты Жапатова 30 мау. 2025 17:30

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,69 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 519,64 теңге. 

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 607, сату құны — 611.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 604 теңгеден сатып алынып, 611 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,42 - 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 609,58 теңге. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар