Шымкентте полиция басқармасы басшысының орынбасары әйел зорлады деген күдікке ілікті

Ақтоты Жапатова 30 мау. 2025 15:16

Шымкент қаласында Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары зорлау ісі бойынша күдікке ілінді,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Қазір істі Түркістан аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция департаменті алдын ала мәліметке сүйене отырып, арызданушы мен күдіктінің арасында бұрын жақын қарым-қатынас болғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта күдіктінің – Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұманов екені айтылып жатыр. Сондай-ақ зорланды деп арыз жазған әйелдің — құқық қорғау органдарының қызметкері екені және қазір жүктілік кезеңінде екені де жарияланған.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу деректері жариялауға жатпайтынын еске салды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар