Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров Талғат Ардандға қатысты қылмыстық істі қайта қарауға туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Талғат Арданға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол 11 жылға сотталды. Қазіргі таңда бас прокуратура оны экстрадициялау жұмыстарымен айналысып жатыр. Егер ол Қазақстанға қайтарылса, сот шешімімен танысып, 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсірсе, іс қайтадан қаралуы мүмкін", - дейді Бекайдаров.
Айта кетейік, DALA INSIDE дереккөзі Түркия құзырлы органдары Антальяда ұсталған Талғат Арданды көп ұзамай Қазақстанға экстрадициялауға қарсы емес екенін, бейресми каналдар арқылы Ресей жағы да Ардан мәселесіне ендігі қызықпайтынын жеткізгенін хабарлаған еді.
Еске салайық, бұған дейін Астана LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат АрдаБұл туралы Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп хабарлады.
Сотталушыға халықаралық іздеу жарияланған, сондықтан оның қатысуынсыз сырттай қаралды.
2016 жылғы 22 желтоқсанда LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан қызметтің мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілетін теріс пайдаланып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму банкінен сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 миллион АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған.
2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен банктің қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Осылайша, бұл жобаны іске асыру бұзылды, ҚМДБ-нен алынған қарыз қаражаты ЖШС-ға қайтарылмады және ақшалай қаражат нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай, City transportation systems ЖШС-на 85 миллиард теңгеден астам шығын келтіргендіктен, оның әрекеттері ауыр салдарға алып келді.