Back
| DalaNews

Шаруалар жаз бойғы жұмысын қорытындылады

Төлеби ауданында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және асыл тұқымды мал шаруашылғы, ауыл шаруашылық техникаларының көрмесі болды.

Мерекелік бағдарлама әр ауыл жеке-жеке тақырыпқа сай, үстінде округте өндірілген өнімдердің көрмесімен безендірілген жүк көлікпен және ауылшаруашылық озаттары бастаған сала мамандарының мерекелік шеруінен басталды.

Сахна төріне Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков шығып мерекелік құттықтау сөздерін айтты. Егін шаруашылығы бойынша астық егіп үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендер, жаңадан құрылған ауыл шаурашылығы өндірістік кооперативтері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа қожалықтары аудан әкімінің мараппатауына және сыйлықтарға ие болды.

| DalaNewsЕтті тауық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар, көкөніс, жеміс-жидек және ет өнімдерін қайта өңдеу бағытында қызмет ететін кәсіпкерлер, Жеміс-жидек, жүзім және көкөніс егіп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, ауыл шаруашылығы саласына жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Қойбағаров марапаттады.

Сондай ақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы саласының дамуына еселі үлес қосқан ауыл әкімдерімен мекеме қызметкерлерін марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев озат комбайнер мен механизаторларды, ауылшаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеке шаруа қожалықтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген қызметкерлерді құттықтады.

| DalaNewsМарпаттау рәсімінен кейін орталық алаңда спорттың үш түрінен қалалық біріншілік ұйымдастырылып өткізілді. Қазақша күрес, қошқар көтеру және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.

Қошқар көтеру спортынан 20-41 әскери бөлімінің десанты шабулдаушы заставасының аға бағалаушысы сол қошқарды иеленді.

Қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Сондай ақ, орталық алаңда әр ауылдық окургтерден киіз үй орнатылып, мерекелік дастархан жайылған.