Back

Қалибек Қуанышбаев

Қалыбек (Қалибек) Қуанышбаев (1893-1968 ж.) – актер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). Қазақ кәсіби сахна өнерінің абызы, жүз елуге жуық роль ойнап, өшпес ізін, ұмытылмас өнегесін қалдырды. Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы – М.Әуезов пен Л.Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай ролі болды.

Қазақ өнерінде аты алтын әріптермен жазылған Қ.Қуанышбаев кинодағы рольдерімен қазақ кинематографиясына да өз үлесін қосты.

Театр сахнасынан әр жылдары Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Мүлік Сүртібаев, Ыдырыс Ноғайбаев сомдаған Абай образын, бүгінгі көрерменның орындауында көріп жүр.

2010 жылдың 26 маусымында Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаевтың режиссурасымен халық назарына ұсынылған спектакльдің қойылым тобы:

Композиторы – Ғ.Жұбанова, КСРО халық артисі, профессор

Қоюшы – суретшісі – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Хормейстер – Ғ.Ерекешев

Концертмейстер – Л.Алдиярова

Режиссердің ассистенті – Е.Біләл, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков