Қазақ – бала сияқты

Dalanews 05 мам. 2016 10:28 261

Иә, қазақ бала сияқты. Қуануы оп-оңай. 

"Мораторийдің" өзіне "ақсарбас" атап, айран-асыр болып жатыр. Тұра тұрсаңыздаршы. "Құдайға бір табан жақын" бауырлар айта беретін сабырды сақтайтын кез енді келді.

Жер кодексінің қайта қаралатын болуы - билік өз мақсатынан түбегейлі бас тартты деген сөз емес қой. Оның ендігі қадамы қандай болатын қайсымыз болжап біле аламыз?

Әрине, Атырау, Семей, Қызылорда, т.б.қалалардағы бейбіт шеру, наразылық акцияларының өз әсерін тигізгеніне, алғашқы нәтижесін бергеніне қуануымыз керек. Өз көзқарасын білдірген барша азаматтарға алғыс айтуға тиіспіз. Әлеуметтік желінің де ықпалы байқала бастағанын атап өткен жөн. Бірақ... эйфориядан аулақ болайықшы.

Нағыз күрес енді басталады!

Сәкен Сыбанбай, журналист 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x