Forbes Kazakhstan басылымы еліміздің ең бай 75 бизнесменнің рейтингісін жаңартып, кезекті рет жариялады. Тізімдегі еліміздегі ең ауқатты адамдардың байлығының барын қосқанда 57,5 млрд доллар болады. Ал бұл, салыстырмалы түрде алсақ, Қазақстанның қазіргі сыртқы қарызына пара-пар сома болады екен. Еліміздегі ең ауқатты адамның орташа жасы – 55, ал жекеменшік капиталдың орташа көлемі – 767 млн доллар, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, Қазақстандағы 2025 жылғы миллиардерлердің көшбасындағы 10 адам мыналар:
- Вячеслав Ким - $7,1 млрд (Kaspi, NASDAQ, Jusan Bank).
- Тимур Тұрлов - $5,8 млрд (Freedom Holding Corp. қаржылық инвестициялық тобының иесі (69,52 %). Оның құрамына "Фридом Финанс" АҚ, Freedom Bank, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы,"Freedom Finance Life" КСЖ, Arbuz.kz онлайн-дүкені, Freedom Travel және басқалары енеді. Топтың 18 елде өкілдігі бар.
- Владимир Ким - $5,7 млрд (Kazakhmys, металдар, Bank RBK).
- Тимур Құлыбаев - $5,3 млрд (Halyk Bank, құрылыс, энергетика).
- Динара Құлыбаева - $5,3 млрд (Halyk Bank-тың тең қожайыны).
- Болат Өтемұратов - $3,7 млрд (ForteBank, Ritz-Carlton, Rixos, Narxoz).
- Ибрагимовтар отбасы - $2,06 млрд (ERG, Италиядағы люкс-курорт, "Евразиялық қаржы компаниясы" АҚ (Евразиялық банк және "Евразия" сақтандыру компаниясы).
- Нұрлан Смағұлов - $990 млн (автобизнес, MEGA сауда желісі, MyCar).
- Сәрсеновтар отбасы - $980 млн (Helios, цемент, жылжымайтын мүлік, Нұрбанк)
- Айдын Рахымбаев - $967 млн (BI Group, БАӘ мен АҚШ-тағы құрылыс)
Биылғы рейтингке жаңадан тоғыз кәсіпкер қосылып отыр. Олар:
- № 12 Андрей Лаврентьев - $ 840 млн - Qarmet қожайыны, авторитейл, Allur тобы.
- №44 Нұрлан Артықбаев - $228 млн – құрылыс саласы: Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компаниялары, сондай-ақ Қазақтелекомда 9,19% мөлшерінде үлесі бар.
- № 45 Павлингер отбасы - $227 млн - машина жасау саласы: "Railways Systems Holding" ЖШС, "Проммашкомплект" ЖШС, "R. W. S. Binding" ЖШС, "R. W. S. Concrete" ЖШС, "Railcast Systems" ЖШС және т. б.
- №59 Алидар Өтемұратов - $161 млн - телекоммуникация саласы: TNS+ магистральдық операторы, IT, DAR компаниялар тобы.
- №61 Тұрсенғали Алагөзов - $130 млн - Galanz bottlers, Шымкент сыра қайнату зауыты, "JFood Kazakhstan" ЖШС (бұрынғы "Цесна-Астық" концерні).
- №65 Ершат Сәлімов - $115 млн - "Рахимжан — Петролеум" ЖШС, "АИФН ЦУМ" АҚ, "Энергоинвест Лтд" ЖШС, Т. Батуров атындағы "Жамбыл ГРЭС" АҚ-да үлесі бар және т. б.
- № 67 Асқар Байтасов - $110 млн – Foodtech: ABR мейрамханалар желісі және ABR Tech компаниясы.
- № 73 Серік Қонақбаев - $93 млн - мұнай және газ: "SSM Oil" ЖШС, "ARK Petroleum" ЖШС-да үлесі бар.
- №75 Ерлан Сүлейменов - $ 90 млн – медицина саласы: "Олимп" желісі, "Meditec" ЖШС, "Өңірлік диагностикалық орталық" ЖШС және т. б.).
Бұл тізімде алдындағысында болған мұнай саласын игеруші Сағат Түгелбаев, Шыңғыс Бердіғожин және Төлеген Балғымбаев жоқ. Сол секілді тізімнен Hill корпорациясының қожайыны Дулат Қожамжаров, Centras Group-тың негізін қалаушы Ельдар Әбдіразақов, Lancaster Group-тың егелері Берік Қаниев пен Юрий Пак және Құлыбаевтың бизнес-серіктесі Раушан Сағдиева да көрінбейді.
Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарабаева 571 млн доллар байлығымен аталған тізімде 17 орынға орныққан. Ал оның баласы Нұрәлі Әлиев 289 млн доллар капиталымен бұл тізімде 39-шы болып тұр.