БҚО-да аудан прокуроры өлі күйінде табылды

БҚО-да аудан прокуроры өлі күйінде табылды
gov.kz
Батыс Қазақстан облысында прокурордың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысында прокурордың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні Теректі аудандық прокуроры өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жұмсады деген хабар тараған болатын.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

– Болған жағдайға байланысты облыс прокуратурасы марқұмның туыстарына көңіл айтады, – делінген ресми мәлімдемеде.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат әзірге жария етілмейді.