Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльге келді

Ақтоты Жапатова 09 мам. 2025 13:08 288

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Екі ел президенттерінің видеосын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қол алысқаннан кейін мемлекет басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға бет алды", – делінген ресми хабарламада.

Кремль 29 елдің көшбасшысы шараға қатысатынын растады.

Мінберде президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырады, ал әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар