АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға делдал болуын өтінді. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Басылым Трамптың сөзіне сілтеме жасап, Ердоғанның Владимир Путинмен (Ресей) де, Владимир Зеленскиймен (Украина) де кездесуге қауқарлы көшбасшы екенін атап өтті.
— Ол тұтқындарды алмастыру процесіне және астық дәлізінің ашылуына ықпал етті. Стамбұлда өткен келіссөздер кезінде тараптар мәмілеге келген еді. Егер Украина Ұлыбритания мен АҚШ қысымының әсерінен келіссөз үстелінен кетпегенде, Түркия соғыстың алғашқы үш айында-ақ бейбіт келісімге қол жеткізер еді. Қалай болғанда да, бұл кезең артта қалды. Ердоған бұл делдалдық ұсынысты оң қабылдағаны айтылып отыр, — деп жазады Hurriyet.
Трамптың бастамасы қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықтың соғысты бейбіт жолмен шешуге деген мүддесінің қайта күшейе түскенін көрсетеді.