«Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда былтырғы енгізген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан.
Дереккөзі: Қазақпарат