"Жеңіс пойызы" Алматы-2 вокзалына келіп тоқтайды

Ақтоты Жапатова 09 мам. 2025 13:15 248

Алматы-2 теміржол вокзалында сағат 11:00 мен 15:00 аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіс пойызы" атты патриоттық шара өтеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл жай ғана пойыз емес – бұл бізді тарихқа жетелейтін ерекше алаң. Сонау соғыс жылдарындағы майдангер батырларды қалай шығарып салып, қалай қарсы алғанын еске түсіруге мүмкіндік береді. Бұл шара ардагерлерді, оқушыларды, кадеттерді, қоғам белсенділерін және ел ерлігін жүрегінде сақтаған барлық азаматты біріктіреді.

Мерекелік бағдарламада:

  • Соғыс жылдарындағы әндер орындалады;
  • Оқушылар майданнан жазылған хаттарды оқиды;
  • Актерлер мен еріктілер соғыс жылдарындағы шынайы оқиғаларды сахналайды;
  • Сол жылдардың атмосферасын жеткізетін хореографиялық қойылым ұсынылады.

Сондай-ақ, соғыс кезеңінің атрибутикасы қойылған фотозоналар, майдандық хат жазуға арналған шеберлік сағаты мен ардагерлер мен қонақтарға арналған майдандық ботқа таратылады.

Шара соңында барлық қатысушы бірігіп "Жеңіс күні" әнін орындайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар