«Жұмбақ жан»

Dalanews 12 мам. 2016 23:28 383

 

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2007 жылы Үкіметті басқарғанға дейінгі өмірі ірі қызметтер атқарғанына қарамастан беймәлім болып келді. Бірнеше министрлікті басқарып, Премьер-министрдің орынбасары болғанына қарамастан, оны қарапайым жұртшылық жыға танымайтын. Ол ірі қызметке отырғанда жұртшылық, әсіресе қарапайым халық пен зиялы орта және журналистер бұл жаңалыққа тосырқай қарады. Оның өмірбаянын іздегендер, тегін сұрағандар, сондай-ақ қай этностың өкілі екеніне қызыққандар көп болды.

62F375F0-181C-40E1-A04D-EDA57C38C530_mw800_s

«Ол – қазақ»

Оны ұйғыр ұлтының өкілі деген қауесет желдей есіп, қоғамда түрлі әңгіменің пайда болған тұсы осы кез. Айлар бойы оны сынаушылар, жатсынушылар, тіпті бізге мұндай адам қажет емес деп ашық пікір білдірушілер көбейді.

Президент Назарбаев сол жылдары Мәсімовтің түріне қарап болжам жасау қателік екенін телеарналардың біріне берген кезекті сұхбатында айтып, «оның ұлты – қазақ» деген болатын. Әйткенмен, көптің көңіліндегі күдік сол күйі сейілген жоқ. Бұған Қытай ұйғырларының өз сайттарында «әлемдегі ең биік лауазымға жеткен туысқанымыз» деп жар салуы да түрткі болды. Оның үстіне нақты өмірбаянында Қытай астанасы Пекиндегі Тіл институтын (1988) және Ухань заң университетін (1991) оқуы, содан кейін Үрімжі, Гонконг секілді қалаларда жұмыс істеуі оның тегінің кім екенін тіптен бұлыңғырлатып жіберді.

photo_67007

«Дағдарыс Үкіметі»

Ол Үкімет басқарған соң көп өтпей әлемдік экономикалық дағдарыс басталып, Қазақ экономикасы едәуір құлдырады. Бірақ ол дағдарыста мұнай мен газ бағасы бүгінгідей арзандамаған еді. Сарапшылар Мәсімов үкіметінің тиімді жұмысының нәтижесінен емес, мұнай мен газдың арқасында экономикамыз тез оңалғанын сол кезде айтып жатты. Тіпті сол кездің өзінде оны отставкаға жіберу керек деп ұсыныс жасағандар аз болған жоқ. Мәсімов Үкіметі экономиканы модернизациялауға дәрменсіз екендігін нақты дәлелдермен көрсеткен экономистердің пікіріне билік онша көңіл бөлмеді. Бірақ бақандай 6 жыл бойы тапжылмай бір орында отырған ол 2012 жылдың күзінде орнын босатқан еді. Онда да жай кеткен жоқ, Аслан Мусиннің орнына Президент Аппаратының жетекшісі қызметіне тағайындалды. Сол кезде оның бұрынғыдан да беделді бола түскенін, бұл лауазымға жету премьерліктен әлдеқайда қиындығын айтып, опынғандар да, Мәсімовтің ең биік шыңы осы деп болжағандар да оны қайта Үкіметке келеді деп еш ойламаған.

2014 жылы Премьер-министр болып қайта оралған кезде БАҚ біткен «Мәсімов мәңгілік премьер ме?» деген сыңайдағы әңгімелер қозғап, ескі әңгімелер қайта айтыла бастады.

Саясаттанушылар Мәсімов Үкіметінің дағдарыстан көз ашпау себебін үкімет ішілік құрылымдарда тиімді жұмыс тәсілінің жоқтығымен, әсіресе министрліктер мен агенттіктер, комитеттер, облыстық әкімдіктер нақты нәтиже үшін емес, тек есеп беру, отчет өткізумен айналысатынын, мұндай «оңтайлы тәсіл» қазақстандық атқарушы билік жүйесінің барлық тетіктеріне дендей енген көзбояушылық синдромы болып бара жатқанын жиі жазады.

Мәсімов Үкіметі екі Ахметов Үкіметіндегі көрсеткіштерге жете алмағанын нақты статистикалармен көрсетуге болады. Даниал Ахметов Премьер-министр болған (2004-2007) аз уақыт ішінде ішкі жалпы өнім 7-8 пайыздан кем болмаса, Серік Ахметов Үкімет басқарған (2012-2014) екі жылға жетер-жетпес мезетте де жалпы ішкі өнім 6 пайыз мөлшерінде сақталды, содан бері бұл межеге жете алмай келеміз. Негізгі жоспар бойынша 2016 жылы жан басына шаққандағы кіріс 15 мың АҚШ доллары болуы керек болатын. Президент Назарбаев бір кездері Үкіметке осылай тапсырма берген еді. Сол кездері министрлер тіпті бұдан да жоғары көрсеткішке жетеміз деп оптимистік көзқарас білдіргенімен, соңғы уақытта ондай әңгімелерді айтпайтын болды. Керісінше, «қазіргі дағдарыс жағдайында бүгінгі жетістікке тәубе айту» керектігі жиі сөз болып жүр. Кейбір сарапшылар енді бірнеше жыл бойы біздің экономикада өсімнен гөрі, жетіспеушілік байқалады деп те кесім жасайды. «Қазақстан экономикасы дефолттың алдында тұр» деп дабыл қағушылар да жоқ емес.

a6f252bf6ae2eb7a7122577b409a37aa_XL

«Жұмбақ жан»

Мәсімовті білетіндер, оның жұмыс істеу әдісі өте жұмбақ, құпия жағдайда жүретінін, өз пікірін ашық айтпайтын, ел көп жерде шешіле сөйлемейтін, қоластындағы қызметкерлермен де, министрлермен де жеке тапсырма беру кезінде ғана ашық әңгімелеспесе, басқа кезде эмоциясыз күйінде қала беретін саяқ жүрісті жан деп суреттейді. Ол отандық БАҚ-тарға көп сұхбат берген емес (қазақтілді бірде-бір ақпарат құралына сұхбат беріп, олармен жеке кездескенін естіген де, көрген де емеспіз). Байқасаңыздар, биліктегі көптеген дау-жанжалдарда Мәсімов ел көзіне көрініп, өзі басу айтып, мәлімдеме жасамайды. Оған қарағанда өзге премьерлер тосын жайттар кезінде халық алдына шығып, өз ойларын жеткізуге тырысатын. Мәсімов Үкімет басына келгелі қоғамда болған кез келген саяси-экономикалық жағдайлар туралы өзінің пікірін бірде-бір рет ашып айтқан емес. Мұндай қысылтаяң шақтарда Президент Назарбаев қана елді сабырға шақырып, өзі түсінік беру дағдыға айналды. Асылы, көп түйткілдерге Үкіметбасы болған адамның өзі жауап беруі керек. Сонда ғана Үкімет пен халық арасында түсіністік орнайды дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали.

[caption id="attachment_15601" align="alignleft" width="329"]91243669-562C-40A0-B349-92628C5C11AF_w900_r1_s Қажымқан Мәсімов[/caption]

Жуырда өткен жиналыстың бірінде Президент журналистерге түсінік беруден қашып жүретін министрлер мен мемлекеттік қызметкерлерді сынға алып, ашық пікір білдіріп жүруге шақырған еді. Журналистерден бойын аулақ ұстайтындардың бірі һәм бірегейі Мәсімов болса керек...

Айтпақшы, оған қарағанда ақпарат құралдары үлкен Мәсімов туралы жиі жазады. Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімов осыған дейін бірнеше рет сотқа арызданып, өзі де түрлі себептермен сотқа шақырылды. Оның бизнес әріптестерін алдап кеткенін, балабақшаларды жекеменшікке заңсыз айналдырып алғанын, кезінде алған қарызын қайтармағанын айтушылар, ақпаратта жазушылар әлі де көп. Бұл туралы отандық ақпарат құралдары талай жылдан бері әртүрлі мәселелер бойынша тоқтаусыз жазып келеді.

[caption id="attachment_15600" align="alignright" width="708"]0AF51AA0-A33F-43DA-B28C-BED2CE60E618_cx3_cy10_cw90_w610_r1_s_r1 Құлыбаев пен Мәсімов[/caption]

 

Мәсімов кімнің адамы?

Мәсімовті Ресейдің адамы десетіндер де баршылық. Енді бір топ оны Қытай мен Ресейдің мүддесін тоқайластырып отырған бірден-бір «құпия менеджер» деп те жатады.

Мәскеуде білім алған оны Ресей Премьер-министрі Медведевпен жақсы қарым-қатынаста екенін жазады.Сондай-ақ, оның Қытаймен қарым-қатынасының да өте тығыз екенін жасыру мүмкін емес дейді. Мәсімов Үкіметі кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс нығайып, индустрияландыру картасына қытайлық инвестицияның тартылуы артқанын, елдегі ауыл шаруашылық жерлердің соя егуге Қытайға жалға берілгенін, мұның ақыры биылғы «Жер кодексі» баптарына байланысты толқуға ұласқанын ақпараттардан байқау қиын емес.

Мұнан сырт, бейресми деректер Қытай ұйғырларының Қазақстанға көшіп келуі, азаматтық, қосазаматтық (ықтияр хат) алу мүмкіндігі барлығын да жоққа шығармайды. Кейбір нақтыланбаған дерек көздері ықтияр хат алған ұйғыр мен Қытай санының да артып отырғанын бірнеше мәрте жария еткен.

(https://tengrinews.kz/events/pogranichniki-izyyali-blanki-pasportov-kazahstana-grajdan-252064/)

Мына сілтемеде Қазақстан паспортын алып Гонконгка кетпекші болған қытайлық ұсталғаны хабарланған еді. Бұл қылмыстық істің соңы немен аяқталғаны әлі белгісіз... Мұндай оқиғалар бірнеше рет қайталанғанымен, жазаға тартылғаны туралы ақпарат жоқ.

Кәрім Мәсімов Назарбаев сеніміне қалай кірді? Сарапшылар оның Назарбаевқа адал берілгенін және Президенттік таққа көз қызартпайтынын айтады. Сол үшін де Президент Назарбаев оны өзіне жақын ұстайды деп болжайды.

Енді біреулер оны Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың ең сенімді адамы, биліктегі кланаралық қақтығыстарға онша араласпағанымен, Құлыбаев ықпалының күшеюіне әсер етуші тұлға деп те қарайды.

 

«Қазақ тілін үйренемін»

Мәсімов Президентке талай уәде берген шығар, бірақ халыққа уәде берген емес. Қателесіп тұрмыз, ең алғаш Үкіметке басшы болып келген кезінде «қазақ тілін үйренемін» деп мәлімдегені жадымызда. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп ұрандатып жүрген жылдардың бірі болса керек. Сол Мәсімов әлі қазақ тілін үйренген жоқ. Егер үйренсе, қазақша сайрап кетер еді. Одан бері бақандай 9 жыл өтті... Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілін білмейтін Мәсімов орыс, ағылшын, араб, қытай тілдерін біледі.

Дейтұрғанмен, оның өзі қазақ тілін дамыту үшін біраз жобаларға бастамашы болғанын айтатындар бар. Оған «Электронды үкімет» пен «Уикипедия» жобасын алға тартады. IT мамандар «Электронды үкімет» негізінен орыс тілінде қызмет көрсететі деп те сынауға үйір. Ал «Уикипедия» жақсы басталған жоба болғанымен, қазір бұрынғыдай қарқынды, нақты жұмыс атқармайды. «Уикипедияға» қазақ тілінде 100 мың мақала енгені шүйіншіленген еді. Үкімет ары қарай қаржыландырып, бұл үрдісті тоқтатпау керек деген ұсыныстар айтылғанымен, қазір бұл салаға арнайы қаржы бөлініп жатқанын естімедік.

Кейбір бейресми дерек көздері тікелей Мәсімовке қарайтын ақпарат құралдары, сайттар мен радио-телеарна бар екенін айтқанымен, нақты дәлел келтірмейді.

 

Мәсімов кете ме?

Мәсімов Үкіметін тарату керек!

«Жер кодексіне» байланысты дау мен «Үш тұғырлы тілді» мектептерге енгізу ұсыныстары қоғамдық ортаға дүбір салғалы Мәсімовті сынаушылар, оның отставкаға кетуін тілеп, ашық хат жазушы топтар қайта көбейіп кетті. Соңғы бір ай бойы әлеуметтік желілерге зер салсаңыз, негізгі тақырып жер дауымен бірге осы Мәсімовтің айналасында өрбіп жатыр. Жерді сатқызбауға, жалға бермеуге бастан-аяқ қарсы болып, өз ойларын ашық айтып жүрген қоғамдық белсенділер құрған «Алаш жолы» қозғалысы билікке 5 талап қойған еді. Соның бірі – Мәсімов Үкіметін таратып, дағдарысқа қауқарлы жаңа Үкімет құру. Елдегі экономикалық дағдарыстың бәріне Мәсімов Үкіметінің тиімсіз жұмысы себепкер деп ойлайтын сарапшылар оның Үкіметін таратпай, экономикалық қиыншылықтан шыға алмаймыз деген пікірлерін айтқандарына бақандай 9 жыл өтті. Ол премьерлікке тағайындала салғанда-ақ осы сөз айтылып еді.

Ақын Ауыт Мұқибекұлы Қытайдан елге оралатын қандастарымызға соттылық туралы анықтаманы дереу Үкімет шешімімен алып тастамаса, Мәсімовті сотқа беретінін мәлімдеді...

Қоғамдық пікірмен Президент те санасуы керек. Мұндай пікірлер мен сындардың бір ұшы Президентке бағытталатынын ескерсек, Мәсімов жуырда орнын босатуға тиіс. Сарапшылар да оның орнын босатар кезі келгенін айтады.

Т. ӨСКЕНБАЙ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x