Қырғызстанда билікті басып алуды көздегендер тергеуге алынды

Dalanews 12 мам. 2016 22:12 687



Бішкекте «Халықтық парламент» қоғамдық бірлестігінің үш мүшесі ұсталды.





Қырғызстанның МҰҚК баспасөз қызметі ұйым жетекшілері мен өзге мүшелерінің үстінен «Билікті күшпен басып алуға дайындалу» және «Билік өкіліне қарсы күш қолдануға дайындалу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тергеу алды тексеру материалдарына сәйкес, бірлестік мүшелері елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған шаралар ұйымдастыруды және билікті заңсыз жолмен күшпен басып алуды жоспарлаған.

Бұдан бөлек, құзырлы орган күдіктілердің мемлекеттік лауазым иелеріне қарсы қару қолдануды ойластырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін «Халықтық парламентті» құрушылар «Ала-Тоо» орталық алаңында 20 мың адамның қатысуымен митинг өткізуді жоспарлап отырғандарын хабарлаған еді. 26 көкекке белгіленген митинг 12 мамырға, кейін 17 мамырға қалдырылған болатын.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар