Зайсанға коронавирус жұқтырғандарды әкелген жоқпыз – ДСМ

Dalanews 20 февр. 2020 07:19 920

Денсаулық сақтау министрлігі "ауруханалар коронавирусты жұқтырған адамдарды қабылдауға дайындалып жатыр" деген қауесетке байланысты Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының алаңдаушылығына жауап берді, сонымен қатар Қазақстанда ауру эпидемиясының алдын алу бойынша шараларды күшейтуді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 ақпанда кешкісін Сартерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары "аурухананы коронавирус жұқтырған Қытайдан келген азаматтарды орналастыру үшін босатып жатыр-мыс" деген хабарды естіп, үрейленіп көшеге шықты.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда бас мемлекеттік санитарлық инспектордың коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейту туралы шешім шығарған жеткізді.
Осыған байланысты медициналық мекемелерде карантин уақытында адамдарды оқшаулау үшін арнайы палаталар дайындалып жатыр. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру өте аз тіркелген, мысалы, Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Италия сияқты елдерден келгендер өзі тоқтаған елді-мекенінде 24 күн карантинде болады. Ал індет ошағынан, яғни Қытайдан келгендер ерекше бақылауға алынып, олар арнайы қалаларда оқшауланады. Ауруханадан босап шыққан кейін олар 10 күн бойына тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті аурухана арқылы қашықтықтан бақыланады, - дейді министрліктегілер.

Әлемде коронавирустық инфекциядан жұқтырған және одан қайтыс болған адамдардың санының өсуіне байланысты қазақстандықтардың денсаулығы мүддесі тұрғысында Қазақстанда кең ауқымды тексеру және алдын алу шаралары белгіленді.
"Денсаулық сақтау министрлігі осы аталған елдерден Қазақстанға тұрақты тұруға келгендерге бастапқыда жергілікті адамдармен көп байланысқа түспеуге әрі үй жағдайындағы карантинді сақтауға кеңес береді. Бұл сіздің және жақындарыңыздың мүддесі үшін", - делінген хабарламада.

Рекомендовать
Последние новости