Исландия премьер-министрі "Панамагейт" дауынан соң қызметінен кетеді

Dalanews 06 апр. 2016 00:25 1021

Сигмундур Давид Гуннлёйгссон коалициялық үкімет басшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы сейсенбі күні исландиялық үкімет мүшесі хабарлады.

Associated Press агенттігі ел президентінің әзірге Гуннлёйгссонның қызметінен кету туралы өтінішін қабылдағаны туралы растамағанын хабарлайды. Дүйсенбі күні мыңдаған исландықтар Рейкьявикте парламент ғимаратының алдында митингке шықты. Олар бірқатар елдің басшыларының жемқорлығын әшкерелеген халықаралық журналистік зерттеудің кейіпкеріне айналған премьер-министрдің орнынан кетуін талап етті. Панамалық Mossack Fonseca заңгерлік компаниясына қатысты зерттеу құжаттарында исландиялық премьер-министр мен оның зайыбының офшорлық компаниясы бар екені туралы жазылған. Ол жөнінде саясаткер 2009 жылы парламентке сайланғанда тіс жармаған.

Исландиялықтар Гуннлёйгссон мен оның отбасы ешкімге айтпастан шетелде қомақты қаржы ұстайтынына наразы. Исландияның өзінде 2008 жылдан бері валюталық реттеудің қатаң шаралары жұмыс істейді және капитал әкелу мен оны сыртқа шығаруға едәуір шектей қойылған. Mossack Fonseca құжаттарында Гуннлёйгссон отбасының қаржысы мұрагерлікпен берілгені көрсетілген.

Рекомендовать
Последние новости