Әзірбайжан мен Армения Таулы Қарабақта бітімге келуге уағдаласты

Dalanews 06 апр. 2016 00:22 853

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы әскери қимылдардың тоқтатылғаны туралы хабарлады. Министрлік осындай уағдаластықтың Армения тарапымен келісілгенін мәлімдеді.

Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ үкіметінің қарулы күштерінің басшылығы өңірде бітім орнағанын растады.

Бұған дейін Армения президенті Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін тануға дайын екенін мәлімдеген. Президенттің сөзінше, өңірдегі әскери қақтығыстың өршіген оты "Оңтүстік Кавказ аймағын ғана емес, Европа өңірін де шарпуы мүмкін. Әзірбайжан өз кезегінде армян әскері "барлық басып алған аумақтан" кеткенде ғана оқ атуды біржақты тоқтататынын мәлімдеді. .

Қарабақ текетіресі 2 сәуірге қараған түні күрт асқынып кетті. БҰҰ қарулы қақтығыс салдарынан 30-дан астам адамның өлгенін, 200-ден көбі жараланғанын хабарлады.

Сейсенбіге қараған түні, жауласқан екі жақ бірдей Таулы Қарабақтағы тоқайласатын бөліктердің бәрінде "шиеленістің сақталғаны" туралы мәлімдеді.

Рекомендовать
Последние новости