Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 18 мар. 2021 15:31 995

ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа әкімді аудан активіне таныстыру кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов:

– Полымбет Максимұлының басқарушылық қабілеті өте жоғары, өз ісінің білікті маманы ретінде жақсы білемін, – деп оның жаңа жұмысына табыстар тіледі.

Осыған дейін ауданды 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген.  Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.

2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман,

2006-2010 жылдары - облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы.

2010-2014 жылдары - Мақат ауданы  әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.

2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары,

2014-2019 жылдары - Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Рекомендовать
Последние новости