«Яссауи мұралары» Көкше жерінде

Dalanews 13 дек. 2016 06:45 954

Таяуда  Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында, облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Әдебиет және өнер» музейiнiң ұйымдастыруымен түркi әлемiнiң рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауидiң 850 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұрасы: маңыздылығы, сипаты және ғибраты» атты аймақаралық ғылыми конференция болып өтті.



Конференция аясында елiмiздегi iргелi «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейi «Яссауи мұралары» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясына 50-ден астам жазба жауһарлары көпшiлiк назарына ұсынылды.



Оның iшiнде аса құнды қолжазба кiтаптар, сонымен қатар көне Түркiстанның ХIХ ғасырдағы жағдайынан сыр шертетiн фото суреттерi қойылды.
Көрменi тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Н.Нүркенов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Бөрібаева, яссауитанушы ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.



 

Рекомендовать
Последние новости