«Бәйтерек Development» компаниясында тексеру басталды

Dalanews 12 дек. 2016 16:17 866

Жемқорлық дауынан кейін «Бәйтерек Development-те» ауқымды қаржылық тексеру жүргізілуде. Ревизорлар несие мен жалға берілетін тұрғын үйлер салуға деп бюджеттен бөлінген миллиондардың әр тиынына дейін санап жатыр.

Қазір компанияда Есеп комитеті тексеру жүргізіп жатыр. Яғни, бюджет қаржысының игерілуі, қаржының қайда жұмсалғаны жайында есеп беруде.

Тексеру аяқтала салысымен тағы бірталай былық әшкереленуі мүмкін. Бірақ компания түк болмағандай кейіп танытуда.

Айта кетсек, бұған дейін «Бәйтерек Development» төрағасының орынбасары, экс-спикер Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов, атқарушы директорлар – Бауыржан Әйтімбетов, Ғазиз Сариевтер тендер ұтып беремін деп бірнеше облыстың кәсіпкерлерінен 288 миллион теңге пара алып ұсталған болатын. Осыдан соң  «Бәйтерек Development-тің» бұрынғы төрағасы, қазір Ұлттық экономика министрлігіндегі «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығының» төрағасы Бақыт Жақсыбаев та қамауға алынған.

Бірақ «Бәйтеректің» басшылары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан арзан үйлер уақытында бітеді деп сендіріп отыр. Ал жемқорлықты тоқтату үшін бизнесмендерден өтініш енді интернет арқылы қабылданбақ.

 

Дереккөзі: ktk.kz

Рекомендовать
Последние новости