Өзбекстанда ұйымдасқан қылмысты қаржыландырушыларға жаза күшейтілді

Көркем Алдабергенова 15 апр. 2026 14:26

Өзбекстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландырушылар мен жасырын жекпе-жек ұйымдастырушыларға жаза күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді қылмыстық қауымдастықтарды қаржыландыру жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға демеушілік жасағандар шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан толық айырылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық байланыстарға ерекше назар аударылған. Қылмыстық топтарды қолдап, оларға қамқорлық көрсеткен шенеуніктер топ мүшелерімен бірдей жауапкершілікке тартылады.

Бұдан бөлек, заңсыз ұйымдастырылатын «ережесіз жекпе-жектерге» де тыйым салынды. Заң шығарушылар мұндай жекпе-жектерді көше бұзақыларын дайындайтын орта ретінде бағалап отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove