Ұрпақты ұлы істерге бастайтын фильм

Dalanews 17 дек. 2018 06:21 1107

Бүгін Ордабасы ауданында көпшілік қауымға «Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалап, Қазақстан елордасының қалыптасу тарихына қанықты.

Фильмде бас қаланың іргетасын қалаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, кездескен қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, іс басында болған, Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындай білген азаматтардың қызметі, халықтың бірлігі, жұртшылықтың ықыласы, сенімі баяндалады.

Сондай-ақ, елорданы көшіру шешіміне қатысты қоғамдық сан-қилы көзқарастар, оның ішінде кертартпа пікірлерін көлденең тартқандар да көрініс тапты.

Фильмде қамтылған жылдар еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сәтімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадамдарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етті. Сонымен бірге Астананың халықаралық тұсаукесер рәсімін сипаттайтын көріністер де көркем дүниенің маңызын арттыра түсті.



Бүгінге дейін «Елбасы жолы» киноэпопеясының бес картинасы көрермен назарына ұсынылған-ды. «Балалық шағымның аспаны» (2011 жыл), «Отты өзен», «Теміртау» (2013 жыл), «Тығырықтан жол тапқан» (2014 жыл) – режиссері Рүстем Әбдірашев, «Жұлдыздар тоғысқанда» (2016 жыл) – режиссері Сергей Снежкин (Ресей). Рүстем Әбдірашев түсірген алғашқы төрт бөлімде Мемлекет басшысының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, Сергей Снежкиннің фильмінде бас кейіпкердің рөлін актер Берік Айтжанов ойнады.

Көрермендер фильмнің ел тәуелсіздігіндегі маңызды қадамдарды жаңа қырынан танытқанын, мол әсер алғандарын айтып, тарқасты. "Тарихты тұлғалар жасап, қалыптастырса, «Елбасы жолы. Астана» фильмі ұрпақты ұлы істерге бастайтын, жігерлендіретін дүниелердің қатарын толықтырды" десті ордабасылықтар.

Рекомендовать
Последние новости