Президент мақаласы конференцияда талқылданды

Dalanews 19 дек. 2018 05:47 1036

Жақында Созақ ауданындағы «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының ХХХІІІ конференциясы болып өтті.

Күн тәртібінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы туралы, аудандық партия филиалы Саяси Кеңесі құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов баяндама жасады. Баяндама бойынша жарыссөзге «Қ.Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестігінің» төрағасы Мыңжасар Асқаров, «Жас Отан» ЖҚ белсендісі, А.Сүлейменов атындағы ЖОМ мұғалімі Бауыржан Аманов жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді.

Мұнан соң, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы Саяси Кеңесінің, Саяси Кеңесі Бюросының құрамдары сайланды. Конференция соңынан аудан әкімі, филиал төрағасы Салыхан Полатов партиялық жобаларды жүзеге асырудағы белсенді қызметі үшін аудандық мәслихаттың депутаты, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің директоры Гүлсара Әлімбековаға партия Төрағасының бірінші орынбасары М.С.Әшімбаевтың «Құрмет Грамотасын», аудандық филиалдың сектор меңгерушісі Нұрболат Қошқарбаевқа облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.М.Жолдасовтың «Алғыс хатын» табыс етті.

Рекомендовать
Последние новости