Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Пірматовтың қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 03 окт. 2024 10:27 2242

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ғалымжан Пірматовтың қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz Қазтагқа сілтеме жасап. 

Бұл туралы дереккөздер хабарлаған.  

"Пірматовтың қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін және оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді редакция дереккөзі. 

Пірматовтің өзі бұл дерекке қатысты әлі пікір білдірмеген.   

Сонымен қатар, бұл дерекке қатысты ресми органдар да әлі мәлімдеме жасаған жоқ. 

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов Ұлттық банкті 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін басқарған болатын. 

Оған дейін 2017-2021 жылдары аралығында Қазатомпромды, ал 2015 жылдан бері Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. 


Рекомендовать
Последние новости