Плакатқа балағат сөздер жазған 21 жастағы қыз айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 03 окт. 2024 09:56 205709

Учаскелік инспектордың плакатының астына балағат сөздер жазған қостанайлық тұрғын жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-әрекеттері үшін оған шамамен 185 мың теңге көлемінде айппұл салынды.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Онда бақылау камераларының көмегімен екі қыздың лифтке кіргенін байқауға болады. Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін ілген плакатына 21 жастағы қыз маркермен балағат сөздер жазған. Бейне арқылы құқықбұзушыны тез анықтады.

Анықталғандай, қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұр. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Осындай бұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында айтқан еді.

Полиция қызметкері Азамат Құрымбаевтың сөзінше, Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан қарастырылған. Мысалы, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде бұзу – бұл қылмыстық теріс қылық. Оны жасағаны үшін жауапкершілік 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе 120 сағатқа дейін түзеу, я болмаса қоғамдық жұмыстар түрінде көзделген.

2023 жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе ересек адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл 17 250 теңге болады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.


Рекомендовать
Последние новости