Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясына мәдениет саласы қызметкерлері белсене қатысуда

Жарбол Кентұлы 18 сент. 2024 10:05 5618

Биыл сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мәдениет қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары мен әктеу, сырлау жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір ғана Мәдениет басқармасына қарасты 23 мәдениет және өнер мекемесі мен аудан, қалалардағы 264 мәдениет ошағында 60 мыңға жуық қызметкер сенбілік жұмыстарына тартылып, өз аумақтары бойынша тазалық жұмыстары жүргізген. Тазалық іс-шарасын ел арасында кеңінен насихаттауға 187 өнер жұлдызы мен мәдениет қызметкерлері тартылып, әлеуметтік желілер арқылы бейне-үндеулер жолдады.

Жалпы облыста 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны болса, оның 1500-ден астамы археологиялық зерттелген және зерттеуді қажет ететін обалар қорымы мен төбешіктер. 167 нысан халық көп шоғырланатын, туристердің келуіне ынғайластырылған, зиярат ететін, мемлекеттік тізімге алынған тарихи-мәдени мұра объктілері болып саналады. Бағдарлама аясында аталған мәдени мұра нысандарына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін басқарма тарапынан 12 мобильді жұмыс тобы құрылды. 16 шілдеден бастап жұмыс тобы тазалық жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде 29 нысан толығымен 456 қап қоқыс шығарылды. Осы жұмыстарға басқармаға қарасты мәдениет және өнер мекемелері мен аудан, қалалардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлерін қоса алғанда 400-ге жуық адам тартылды.

Шілде айында Кентау қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Ащысай демалыс аймағында Басқарма тарапынан мәдениет және өнер мекемелерінен 150 қызметкер тазалық жұмыстарын жүргізді. 26-31 тамыз күндері индикаторлы көрсеткішке сәйкес аудандар бойынша ауқымды шараға 1982 қызметкер тартылды.

 Аудан, қалаларда мереке қарсаңында өз өңірінің әкімдерімен бірлесіп жоғарғы деңгейде іс-шаралар өтті. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың  төрағалығыммен биылғы 23 тамызда өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша бекітілген  №68 хаттамалық тапсырмасының 4 тармағына сәйкес бектілген мерзімінде Түркістан қалалық мәдениет үйі «Қала тазалығы – перзенттік парызым» тақырыбында 24 шілдеде концерттік бағдарлама ұйымдастырып, халыққа үгіт-насихат жасалынды.

Айта кетейік, сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости