Ұлттық банк басшысы доллардың неге қымбаттап жатқанын айтты

Кәмшат Тілеухан 30 окт. 2024 14:49 2058

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс дәзілінде журналистерге берген сұқбатында теңге неге құнсызданып, доллардың нығаюына қандай факторлар әсер етіп жатқанын  айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасы мұнайдан түскен табысқа қатты тәуелді екенін, ал қазір мұнай нарығында белгілі бір тұрақсыздық байқалатынын атап өтті.

"Соңғы апталарда мұнайдың бір баррелі 80 доллардан бүгіндері  71,5 долларға дейін төмендеді. Оның ұлттық валютамыздың бағамына әсер етпеуі мүмкін емес. Екіншіден,  қазақстандық заңды тұлғалар тарапынан сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Долларға деген. Біз, негізінен, бюджет немесе квазимемлекеттік сектордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы

Оның айтуынша, бұл бюджеттік процестермен байланысты жайт.

"Жылдың басында есеп-қисап жоспарланады, содан кейін тендерлік рәсімдер жүргізіледі, сонда жыл соңына қарай бұл ақша игеріле бастайды. Көптеген инвестициялық, инфрақұрылымдық жобалар, өкінішке қарай, әлі де импортқа тәуелді. Нәтижесінде, 4-тоқсанда біз валютаға сұраныстың артқанын көріп отырмыз.Бұған валюта биржасындағы сауда-саттықтың нақты көлемі дәлел. Қазір оның көлемі тәулігіне 290 миллионды құрайды, ал орташа тәуліктегі деңгейі 200 миллион шамасында болуы тиіс, яғни биржадағы сауда-саттықтың орташа көлемінен 30-40% - ға жоғары", - деп атап өтті Сүлейменов.

Айта кетсек, бүгін, 2024 жылы 30 қазанда Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған респбуликалық бюджетті қабылдады.

Тақырыпқа орай: Ұлттық банк төрағасының мәлімдемесі Үкімет мүшелерін селт еткізді


Рекомендовать
Последние новости