Отбасы және мектеп арасындағы байланысты күшейтуге қатысты семинар өтті

Жарбол Кентұлы 21 дек. 2024 14:41 942

Алматы қаласы, Бостандық ауданды Білім бөліміне қарасты №38 мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие: отбасы мен мектеп – тиімді өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық жолдары» деген атпен семинар болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Семинардың мақсаты – балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ ата-аналар арасында оң мәдениетті дамыту болып табылады.

Мағызды шараға Алматы қаласы ОСА білім беру комитетінің төрағасы Рафаэль Ғасанов,Бостандық ауданының білім бөлімі басшысы Айгүл Қасымбек қатысып, көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Семинарға гимназияның белсенді ата-аналары Наталья Шмаренкова, Аида Тілеубаева, Зинаида Мысик және Ақбота Шалқарова қатысып, отбасы мен мектеп арасында байланысты дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 


Рекомендовать
Последние новости