Шетелдік жұмыс күші Қазақстанның қай салаларына көбірек тартылған - статистика

Кәмшат Тілеухан 28 окт. 2024 13:00 1894

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бар 13 707 шетел азаматы Қазақстанда еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер басшылық қызметтен бастап қара жұмысқа дейінгі аралықтағы санаттарды қамтиды. Атап айтқанда:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 548 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 503 рұқсат (екінші санат).
  • үшінші санатқа сала мамандары - 4 874 және төртінші санатқа білікті жұмысшылар жатады –  861 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 586 адам, ал корпоративтік жұмыс ауыстыру аясында 3 335 адам Қазақстанға тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96,6%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 5 144 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам,
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439,
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам,
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам.

Еңбек мигранттары негізі мына елдерден келеді: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам.

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді", делінген ҚР ЕХӘҚМ хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости