Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мектеп тапшылығы мәселесін қалай шешетінін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Биыл елордада 24 мектеп салынып жатыр. Қазір 18 мектептің құрылысы аяқталды. Келесі жылы тағы 15 мектепті қолданысқа береміз деп отырмыз. Жалпы жыл сайын мектепке баратын балалардың саны 20 мыңға көбейіп жатыр. Сондықтан жыл сайын 10-15 мектеп салынуы керек. Қазіргі таңда бұл жоспарымызды іске асырып отырмыз”, - деді Қасымбек.