Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші 16 млн теңгені құмар ойындарға салған

Көркем Алдабергенова 14 июл. 2025 10:00

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші 16 млн теңгені құмар ойындарға салғаны үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

«1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.


Рекомендовать
Последние новости