Каспийдегі май дақтары ақтаулықтарды алаңдатты: экологтар не дейді?

Көркем Алдабергенова 14 июл. 2025 09:27

Экологтар облыс орталығының жағалау аймағынан май дақтары мен қоқысты таппады, деп хабарлайды Dalanews.kz Lada.kz сайтына сілтеп.

12 шілде күні 15-шағынаудан маңындағы су бетінде май дақтары мен қалқып жүрген қоқыстарды тұрғындар байқап қалған. Олардың айтуынша, теңіз тез ластанған және мұны біреу әдейі төккендей әсер қалдырған.

Маңғыстау облысының экология департаменті мәлімдегендей, сол күні зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары оқиға орнына барған.

«Ақтау қаласының 15-шағынауданындағы теңіз жағалауының ластануына байланысты әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа орай шолу жұмыстары жүргізілді. Шолу барысында ластанған аумақ анықталған жоқ», – деп жауап берді экология департаменті аталған жарияланымға.


Рекомендовать
Последние новости