Трамп Қазақстандағы АҚШ елшісі етіп кімді тағайындауы мүмкін

Көркем Алдабергенова 10 июл. 2025 12:32

АҚШ мемлекеттік әкімшілігінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ақ үй Джули Стаффтты Қазақстандағы елші қызметіне тағайындауды жоспарлап отыр. Оның кандидатурасын енді Сенат бекітуі тиіс, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Джули Стаффт Огайо штатында дүниеге келген. Ол жеке зерттеу университеті саналатын Case Western Reserve пен Duke University-ді тәмамдаған.

Бұған дейін Молдова мен Джибутидегі АҚШ елшіліктерінде миссия басшысының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, сондай-ақ Польша, Ресей мен Эфиопиядағы дипломатиялық өкілдіктерде, Мемлекеттік департаменттің жедел орталығы мен консулдық қызметтер бюросында жұмыс істеген.

Afsa.org сайтында көрсетілгендей, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде ол президент Дональд Трамптың арнайы көмекшісі әрі шекара мен көлік қауіпсіздігі жөніндегі аға директор болған.

Бұл лауазымға тағайындалған алғашқы Мемлекеттік департамент өкілі – Стаффт еді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін 2024 жылдың қаңтарына дейін Дэниел Розенблюм атқарған. Ол кеткеннен кейін дипломатиялық өкілдікті уақытша сенімді өкіл Дебби Робинсон басқарды.


Рекомендовать
Последние новости