Украин әскері бір-екі айдан кейін қарымта шабуылға шығады - сарапшы

Dalanews 26 мая 2022 06:10 891

Путин шапқыншылығына қарсы күресіп жатқан украин әскері бір жарым-екі айдан кейін қарымта шабуылға шығады деп хабарлайды Dalanews.kz Conflict Intelligence Team зерттеу агенттігіне сілтеп.

Орталық сарапшысы Руслан Левиевтің пайымдауынша Киевтің басқыншылардың бетін қайтаратын потенциалы бар, бұған қажетті ресурс та жеткілікті.

АҚШ пен Батыс елдерінен үздіксіз келіп жатқан әскери көмек сарбаздардың рухын көтеріп, көңілдеріне үміт отын сепкен.

"Әзір украин әскері Байден қол қойған Ленд-лиздің ертелетіп елге жетуін күтіп отыр. Әскери техника, қажетті қару-жарақ бастапқы кездегідей тапшы емес, үсті-үстіне келіп жатыр.

Алдағы бір жарым-екі айда майдандағы ахуал күрт өзгеріп, таразы тасы Украинаға қарай ауады.


Онсыз да қып-қызыл шығынға батып, мыңдаған адамынан айырылған оккупанттар бір-екі айдан кейін өз шекарасына қарай жылыстай бастады", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша украин жауынгерлерінің кәсіби деңгейі мен даярлығы басқыншыларға қарағанда көш ілгері.

Қарымта шабуылға шығуға әскерилер де, халық та тас-түйін дайын отыр. Киев халықтың талабына құлақ асуы тиіс.

Украин әскерилері Донбасстағы орыс оккупанттарын қажетті керек-жабдықпен қамтамасыз етіп отырған бағыттардың жолын кессе, Путин армиясы аштан өледі.

"Қазір Украинаның шығысында басқыншылардың шамамен 80 мыңға тарта жауынгері бар.

Көпшілігінің көңіл-күйі жоқ, соғысудан бас тартып жатқан сарбаздардың саны кейбір әскери бөлімдерде 30-40 пайызға дейін жетеді.


Ресейдің әскери техникасы да көнерген, көпшілігі істен шығып жатыр. Орыс әскері қарапайым байланыс құралдарының өзін Алиэкспресстен алдыруға мәжбүр", – дейді сарапшы.

Рекомендовать
Последние новости